Шымкенттік өрт сөндірушілер 5 қабаттан құламақ болған 43 жастағы ер адамды құтқарып қалды

Шымкенттік өрт сөндірушілер 5 қабаттан құламақ болған 43 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Шымкенттік өрт сөндірушілер 5 қабаттан құламақ болған 43 жастағы ер адамды құтқарып қалды
Фото: Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Оқиға кеше кешкісін болған. Сағат 22:30 шамасында №2 өрт сөндіру бөліміне келген қыз әкесінің қараусыз қалған ғимараттың 5-ші қабатынан секіргелі жатқанын айтып, көмек сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен қарауыл бастығы Марлен Сейілбек пен өрт сөндіруші Уалихан Жүсіп 1980 жылғы ер азаматты құтқарып қалды. Одан әрі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасына қайтарды.

Айта кетейік, бұдан алдын Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығының шатыры өртенгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар