Шынайы хроника: Kazinform-ның 105 жылдығына арналған кітап MNU-ға сыйға тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Maqsut Narikbayev University-ге «Kazinform. Шынайы хроника» кітабының 40 данасы сыйға тартылды. Кітап беру рәсімі университет пен Kazinform Халықаралық ақпарат агенттігі басшылығының кездесуі барысында өтті. 

Шынайы хроника: Kazinform-ның 105 жылдығына арналған кітап MNU-ға сыйға тартылды
Фото: mnu.kz

Кездесу барысында Kazinform Басқарушы директоры Нағашыбек Алдан мерейтойлық кітапты шығару барысында жүргізілген ауқымды жұмыс жайлы айтты. Ал MNU Провосты Анар Ибраева Kazinform редакциясын мерейтойымен құттықтап, Президент Телерадиокешені басшылығына сенімді серіктестік пен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Басылымда халықаралық ақпарат агенттігінің жаңалықтар әзірлеу ұстаханасының сан қырлы сырымен кәсіби құпиялары жазылған. Өз кезегінде Нағашыбек Алдан бұл кітап болашақ журналистер үшін пайдалы оқу құралы болатынын атап өтті.

Шынайы хроника: Kazinform-ның 105 жылдығына арналған кітап MNU-ға сыйға тартылды
Фото: mnu.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылымына кіретін Kazinform – елімізге халықаралық мәртебе алған алғашқы мемлекеттік ақпарат агенттігі ретінде танымал. Агенттік 105 жыл бойы саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғам өмірінің басқа да маңызды салалары туралы сенімді және уақтылы ақпарат таратып келеді.

Kazinform материалдары оқырманға 5 тілде, сондай-ақ латын графикасы мен төте жазу қарпінде де таратылады. 

Kazinform-ның 105 жылдығына арналған кітап MNU-ға сыйға тартылды
Фото: mnu.kz

Атап өтерлік жайт, 2023 жылы MNU-да Президент Телерадиокешенмен бірлесе Халықаралық журналистика мектебі ашылды. Аталған мектептің деканы Айгүл Жамалова мұнда серіктестердің арқасында студенттердің өндірістік практикадан өтуі, жұмысқа орналасуы, жетекші отандық және әлемдік журналистерден тәжірибе алуына  мол мүмкіндік барын ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, «Kazinform. Шынайы хроника» кітабы университет кітапханасында оқырмандар үшін қолжетімді. 

Соңғы жаңалықтар