ШЫҰ саммиті: Елорда 2 күнге жабық қалаға айналмайды

АСТАНА. KAZINFORM – Шілденің 3-4 күндері Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты қала сырттан келушілер үшін жабық болмайды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.

ШЫҰ саммиті: Елорда 2 күнге жабық қалаға айналмайды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Оның атап өтуінше, саммит өтетін күндері елорда горнизонды толық құрамда жұмыс істейді. Мұнан бөлек, сырттан тартылатын да күштер бар.

«6 мыңнан 8 мыңға дейін полиция қызмет етеді. Азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеу жоқ. Бұл осындай халықаралық іс-шараны өткізу кезінде қолданылатын стандартты қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған шара саналады. Қаланы ешкім жаппайды», - деді Марат Қожаев.

Соңғы жаңалықтар