ШҚО әкімі қорытынды есептік кездесу өткізді

ӨСКЕМЕН. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шығысқазақстандықтармен қорытынды есептік кездесуі өтті.
None
None

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов, қоғамдық қозғалыстардың, саяси партиялардың және этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары, барлық деңгейдегі депуттар қатысты.

Б. Сапарбаев халықты облыстың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда даму қорытындысы жөнінде ақпараттандырып, 2013 жылға арналған міндеттерді атады.

Өткен жылы атқарылған жұмысты сараптай келе, облыс әкімі 2012 жылы экономиканың өсімі 7 пайызды құрағанын айтты. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық. 3 жыл ішінде Индустрияландыру картасына 195,4 млрд. теңгеге 28 инвестициялық жоба енді, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

«Ағымдағы жылы 15 млрд. теңгеден астам сомаға 4 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Б. Сапарбаев.

Бүгін Өскеменде және бұған дейін Семейде өткен бірнеше сағатқа созылған кездесу барысында 150-ден астам сұрақ қойылды.

Соңғы жаңалықтар