12:03, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
ШҚО Аягөз ауданында 18 үй су астында қалды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Аягөз ауданы Қопа ауылының тұрғындары еріген қар суынан (қызыл су) зардап шегуде. 18 жеке үйді су басты. Адам өміріне қауіп төнген жоқ. Шамамен 70 адам туыстарының үйіне көшті, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Құрылған комиссия су астында қалған үйлерді тексеріп жатыр. 40-қа жуық адам суды ағызып жіберу жұмыстарымен айналысты.
ТЖ қызметі күшейтілген жұмыс режіміне көшті. Әр ауданда тиісті алдын-алу шаралары өткізіліп жатыр.