02:12, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 00.39-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 716 шақырым жерде Шығыс Қазақстан аймағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,5, магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 15 шақырым.
Жер асты дүмпуі Өскемен мен Күршімде (2 балл), Зайсанда (2 балл) сезілді.