ШҚО-да 23 мектептің 169 сыныбы онлайн оқыту форматына көшірілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысында жұқпалы аурулардың таралуына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшіріліп жатыр.

Ертең Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Бұл туралы ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

- Маусымдық жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты өңірдегі 23 жалпы білім беретін мектептің 169 сыныбындағы 3015 оқушы уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Оның ішіндегі 1697-сі бастауыш сынып оқушылары, - делінген ақпаратта.

Атап айтқанда, Өскемен қаласының 18 мектебіндегі, Күршім ауданының 3 мектебіндегі, Ұлан ауданының 2 мектебіндегі оқушылар сабақты онлайн оқып жатыр.

- Онлайн форматқа уақытша көшу сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы медициналық анықтамамен дәлелденген себеппен сабаққа қатыспаған жағдайларда жүзеге асырылады. Білім беру процесі толық көлемде, қашықтан оқыту талаптарына сәйкес жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасынан бір сынып оқушыларының қанша пайызы ауырып қалса, сабақ онлайнға көшірілетінін түсіндіріп бергені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар