Абай облысында әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданында босанған әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Абай облысы полиция департаменті хабарлады.

— Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданының полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлайды, — деді Абай облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұңғат Әділбеков.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.
Айта кетелік Батыс Қазақстанда жүкті әйел босану кезінде көз жұмған еді.