18:55, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
ШҚО-да барлық деңгейлердегі әкімдердің халық алдындағы есебі басталды
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстанда маңызды саяси науқан - барлық деңгейлердегі әкімдердің халық алдындағы есебі басталды.

Биылғы жылы қаңтардың 10-ы мен 20-сы аралығында ауылдық және кенттік округтар әкімдерінің атқарған жұмыстарының есептері тыңдалады. Олар 695 кездесу өткізеді деп күтілуде.
Одан кейін қаңтардың 20-сынан ақпанның 10-ына дейінгі аралығында облыс қалалары мен аудандарының 19 әкімі өз өңірлерінің тұрғындары алдында есеп беретін болады. Жалпы жиыны олардың 281 кездесу өткізетінін мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есебі екі қалада - Өскемен мен Семейде өтеді.