ШҚО-да дала өртімен күреске 200-ге жуық әскери қызметші тартылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы дала өртімен күреске 200-ге жуық әскери қызметші тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 қыркүйек күні түнгі сағат бір шамасында Глубокое ауданындағы Каменный карьер ауылының маңында шөп пен бұта жана бастаған.

Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын шарпыған аумақ 35 гектарды құрайды. Тілсіз жаумен күреске құтқарушылар, орманшылар мен полицейлердің қатарынан 138 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетіп отыр.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта сол жерге 5518 әскери бөлімінің 200 жуық жауынгері тартылды. Ұландықтар дереу «Таулы үлбі» ауданындағы өртті сөндіруге аттанды.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай мен Зайсан аудандарында өрттің беті қайтпай жатқанын хабарлаған едік.



Фото: ДЧС ВКО

Соңғы жаңалықтар