18:32, 09 Қазан 2013 | GMT +5
ШҚО-да ер адам өзін-өзі тонады
ӨСКЕМЕН. 9 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы 102 арнасына 32 жастағы ер адамнан біреу оны ВАЗ автокөлігімен қысып, күш қолдану арқылы көзапара 170 мың теңгесін тонап кеткені туралы хабар келіп түсті.

Полиция жағдайды анықтауға кірісіп, мәлімдеушінің өзі жалған хабар бергенін анықтады. Оның өзі біреуге ірі көлемде ақша қарыз болып, қарызын қайтармау үшін осындай жолға барған екен.
Қазіргі сәтте жалған хабар бергені үшін ҚР ҚК 351-бабы бойынша қылмыстық істі қозғау туралы мәселе қарастырылуда, деп хабарлады ШҚО ІІД-де.