ШҚО-да қай жерлерде құрбандық шалуға болады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының қала- аудандарында құрбандық шалуға болатын 13 жер белгіленді.

Шымкентте Құрбан айт мерекесіне орай мал союға арналған ресми орындар белгіленді
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Бұл туралы өңірдің бас имамы Думан Сайфуллин мәлім етті.

- Мерекеге дайындық аясында облыстың қала-аудандарында құрбандық шалуға арналған 12 ресми жер бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен келісілген сол орындар санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына толық сай келеді, - дейді ол.

Құрбан шалуға арналған орындардың тізімі:

  • Өскемен қаласы – Атығай асуы, Алматы-Өскемен тасжолы бойы (Ұлан ауданы аумағы, байланыс мұнарасының маңы);
  • Риддер қаласы – Д.Қонаев атындағы мешіт;
  • Алтай ауданы – «Тенар» шаруа қожалығы, Толстов көшесі, 4;
  • Глубокое ауданы – «Шахан-Ата» қожалығы, Берестов көшесі;
  • Зайсан ауданы – «Караван» базары, Байтов көшесі, 34;
  • Катонқарағай ауданы – Абай көшесі, 82;
  • Күршім ауданы – Абылайхан көшесі, 1;
  • Самар ауданы – Аққала ауылы (Абай көшесі, 68) және Мариногорка ауылы (Пролетарская көшесі, 14);
  • Тарбағатай ауданы – Ақжар ауылы, «Тауке» мал сою алаңы, Рысқұлов көшесі, 82;
  • Ұлан ауданы – Атығай асуы, Өскемен-Ұлан тасжолының бойы;
  • Үлкен Нарын ауданы – Үлкен Нарын ауылы, Горный көшесі, 8/1;
  • Шемонаиха ауданы – Вокзальная көшесі, 236.

Ал Марқакөл ауданында құрбан шалуға арналған орын биыл қарастырылмаған.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда құрбандық шалатын 12 орын белгіленгені жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар