ШҚО-да көпшіліктің көзінше адам өлтірген қылмыскер құрықталды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Комсомольский кентінде криминалдық полиция қызметкерлері көпшіліктің көзінше адам өлтірген 33 жастағы Семей қаласының тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
None
None

«Ол көпшіліктің көзінше адам өлтіргені үшін айыпталып отыр. Жанжал Семей қаласында дүкенге жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өтетін жолақ маңында орын алған. Жүрек тұсына тиген пышақ жарақаты салдарынан 24 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», - деп атап өтті Н. Ораз.

Соңғы жаңалықтар