ШҚО-да орман өрті ауыздықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – 20 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Синегор орман шаруашылығы аумағында басталған орман өрті жедел түрде сөндірілді, деп хабарлады Kazinform агенттігінің тілшісі.

ШҚО-да орман өрті ауыздықталды
Фото: ШҚО әкімдігі

Алғабас ауылы маңындағы орман алқабынан шыққан түтінді күндіз байқаған. Оқиға орнына дереу орман күзеті мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері аттанды. Өрт сөндіруге:

  • 20 орман шаруашылығы қызметкері,

  • 5 техника,

  • 7 құтқарушы (өрт сөндіру техникасы, дрон және спутниктік байланыс құралдарымен) жұмылдырылды.

Қиын рельеф пен өрт ошағының қол жетімсіз болуына байланысты, Өскемен қаласынан қосымша 12 адамдық топ жіберілді.

Сондай-ақ, Ми-8 тікұшағы тартылып, 8 мәрте су шашып, өрттің негізгі ошағын жоюға көмектесті.

Өрт ошағы таңғы уақытта, шамамен 0,25 гектар аумақта, оқшауланып, сағат 07:00-де толық сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт найзағай түсуден шыққан.

Облыстық ТЖД мәліметінше, барлық қызметтердің жедел әрекет етуі мен үйлесімді жұмысы жалынды кеңінен таратуға жол бермей, өңірдегі құнды орман алқаптарын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетйеік, бұған дейін Атырауда «Ақжайық» резерватындағы өртті сөндіруге тағы бір тікұшақ тартылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар