10:25, 12 Қараша 2013 | GMT +5
ШҚО-да полицейлер мен көлік жүргізушілер арасында «Өзара түсіністік күні» өтуде
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстанда жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің жұмысы тек қана құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталады, деп хабарлайды Аltaynews.kz облыстық ІІД -нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысының орынбасары Дулат Нұрсұлтановтың айтуынша, әкімшілік хаттамалар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайларда ғана толтырылады, қалған жағдайларда - тек қана ауызша ескертумен және көрнекілік үгіт әдістемелерін таратумен шектеледі.