ШҚО-да тағы 3 жолда қыстың соңына дейін көлік қозғалысы шектелді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жолда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

Жол жабылды
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметіне сүйенсек, шектеулер бүгіннен бастап қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады.

— Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 63-145 шақырымында, Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 18-60 шақырымында және Теректі-Ұрұнхайка-Төсқайың тасжолының 7-57 шақырымында кез келген үлгідегі тіркемелері немесе жартылай тіркемелері бар жүк көліктері мен тракторлардың қозғалысы үшін шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдарда механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы тасжолдардың бірінде қыстың соңына дейін көлік қозғалысы шектелгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар