ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты жол жабылады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты жол жабылады.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 желтоқсанда сағат 9:00-де «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсіреді.
– Аталған жағдайға байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 7-166 шақырымында (Ушанское ауылы мен Алтай қаласының арасы) көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына тыйым салынады. Жоспар бойынша жол сағат 16.00-ге дейін жабық тұрады, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да боран мен көктайғаққа байланысты екі жолда көлік қозғалысы шектелгені хабарланған.