ШҚО-да жылу ақысы 7,8 пайыз қымбаттады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қараша айынан бастап жылу тарифі 7,8 пайыз қымбаттады.

жылу
Коллаж: Kazinform/ DALL-E/ Pixabay

Өңірде осы айдан бастап жылу ақысы өзгерді. Нақты айтқанда, 7,8 пайыз қымбаттап отыр. Сондай-ақ енді жылудың құны тұрғын үйдің жалпы аумағына, есептегіш құралдардың болуына, үйдің тозу деңгейіне байланысты есептеледі.

«Есептегіші бар және аумағы 100 шаршы метрге жетпейтін үйде тұратындарға баға өсімі аз болады. Олар үшін бір гигакалорияның құны 3 326,74 теңге. Есептеу құралы болмаса 4 764,45 теңге, ескірген үйлерде 3 970,38 теңге. Ал аумағы 100 шаршы метрден асса есептегішпен 3 659,41 теңге, есептегішсіз 5 240,90 теңге, ескірген үйлерде 4 367,42 теңге», - деп хабарлады «Шығыс Жылу» АҚ-дан.

Ал жалпы ауданы 200 шаршы метрден асатын үйде тұратындарға бір гигакалория бағасы 7 391,69 теңге.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде тұрғындар жылу тарифін пәтердің әр шаршы метріне төлеуге қарсы шыққаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар