ШҚО-дағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі тексерілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында жолдар бойындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді. 

ШҚО-дағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі тексерілді
Фото: ШҚО ТЖД

Жыл басынан бері облыс аумағында құбылмалы ауа райына байланысты «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері «Өскемен-Алтай» жолының қар көшкіні қаупі жоғары учаскелерінде, «Путинцево» және «Богатырёво» учаскелерінде, облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» жолының «Тайынты», «Лайлы» учаскелерінде және Таулы Үлбі бағыты бойынша қар ошақтарына тексеру жүргізді.

ШҚО-дағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі тексерілді
Фото: ШҚО ТЖД

Бақылау нәтижесінде қар көшкіні жиналатын ошақтардағы қар жамылғысының тығыз орныққаны анықталды.

— Қар жамылғысының қалыңдығы Алтай ауданында шамамен — 70 см, Катонқарағай ауданында — 50 см, Самар ауданында — 35–45 см құрайды. Қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі төмен, — делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мамандар қар көшкіні қаупі жоғары аймақтарда орналасқан елді мекендер мен демалыс орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызмет көрсететін аумақтарында барлығы 325 қар көшкіні ошақтары бар. Онда 93 шақырым автожол, мереке және демалыс күндері 3000-нан астам демалушыны қабылдайтын туристік және шаңғы базалары орналасқан.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстанда боранда қалған 3 балықшы құтқарылғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар