ШҚО экономикасы, өндірісі мен жалақы көлемі қандай

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының экономикасы тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Астанада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде айтты.

ШҚО әкімі
Фото: ОКҚ

— Жаңа сын-қатерлерге қарамастан, біз халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқарып келеміз. Өнеркәсіп өндірісі — 129%, инвестициялар — 117%, құрылыс — 116%, ауыл шаруашылығы — 115%-ға өсті, — деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, жеке кірістер — 113%-ға ұлғайып, 195 млрд теңгеге жетті. 23 мың жұмыс орны құрылса, оның 17 мыңы — тұрақты жұмыс орындары.

Өңірдегі жұмыссыздық көрсеткіші орташа республикалық деңгеймен бірдей (4,6%). Орташа айлық жалақы — 9,5%-ке өскен (403 мың теңге).

— Жыл соңына дейін облыстың жалпы өңірлік өнімі 102%-ке артып, 5,5 трлн теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Бұл — шығысқазақстандықтардың күнделікті, адал еңбегінің жемісі, — дейді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, ШҚО-да жылына 50 тонна өнім беретін балық өсіру кешені салынады.

Соңғы жаңалықтар