ШҚО Мақаншы ауылында қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезде қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатты
Ауылдық полиция бөлімі ғимаратының алдында орнатылған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Оны орнатуға Үржар АІІБ басшысы, полиция полковнигі Жеңіс Жүрсімбаев бастамашылық етті. Ардагерлер мен ауылдықтар мұны қолдады.
Бірнеше жыл бұрын қызмет атқарып жүріп қаза болған жас лейтенанттар есімі тасқа қашалып жазылған. Аға лейтенант Қайрат Ыдырышев 1987 жылғы 1 қазанда көз жұмды. Патруль көлігін жүк көлігінің мас жүргізушісі оның тоқтатқанына қарамастан, қағып өте шыққан. Ыдырышев алған ауыр жарақаттан көз жұмды.
Аға лейтенант Ержан Жұмаділов 2003 жылғы 19 сәуірде қызмет атқарып жүріп қаза тапты. Учаскелік полиция шақырту бойынша дәмханаға келеді. Қолына екі пышақ ұстап есірген мас ер адамды Ержан тоқтатпақшы болып ұмтылады, ол полицейді пышақтап тастап, алған ауыр жарақатынан ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды.