ШҚО полицейлері Ақтөбеде қаза тапқандарды еске алды

Облыстық ІІД басшысының міндетін атқарушы полиция полковнигі Қадырбек Нұрғалиев бастаған департаменттің жеке құрамы лаңкестік теракт салдарынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, қылмыскерлердің қолынан зардап шеккендерге тез сауығып кетуін тіледі.
Қ. Нұрғалиев «күрделі жағдайда Ақтөбе облысының құқық қорғау органдары қайсарлығы мен антқа адалдығын дәлелдеді» деп атап өтті. Өкінішке қарай, кей тәртіп сақшылары міндетін орындау жолында ажал құшты. Бұл полицейлердің батырлығы мен патриотизмінің белгісі.
Бүгін, Ақтөбеде қаза тапқандарды Жалпыұлттық аза тұту күнінде облыстың ішкі істер органдарының ғимараттарында мемлекеттік тулар түсірілді. ШҚО полициясының аумақтық құрылымдарында да ажал құшқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады облыстық ІІД.