22:56, 05 Тамыз 2021 | GMT +6
ШҚО полицейлері көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері көпбалалы отбасылардың үйлеріне барып, азық-түлік таратты. Сондай-ақ балаларға жемістер мен тәттілер берілді.
«Тәртіп сақшылары көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіп отырады. Біз үшін бүлдіршіндердің көзінен қуаныш, жүзінен күлкі көру өте маңызды», - деді арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары Серік Қалиев.
Өз кезегінде көпбалалы аналар полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді.