ШҚО Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ӨСКЕМЕН.KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Айдар Садырбаев тағайындалды.

Айдар Садырбаев
Фото: ШҚО әкімдігі

Айдар Серікқазыұлы Абай облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

- Еңбек жолын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін аудандық бөлім маманынан қала және облыс деңгейіндегі басшылық қызметтерге дейін жетті. Абай облысының Қоғамдық даму басқармасын басқарды. Сондай-ақ Абай облысы бойынша «Аманат» партиясының төрағасы болған, - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен. 

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов басқарманың жаңа басшысын ұжымға таныстырды. Өз сөзінде ол Айдар Садырбаевтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өңірдің ішкі саясат саласындағы міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Қонаев қаласына және Қарасай ауданына жаңа прокурор тағайындалғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар