ШҚО тұрғыны өз пәтеріне бір күнде екі рет өрт қойған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында, алдын ала деректер бойынша, психикалық ауытқушылығы бар ер адам пәтеріне бір күнде екі рет өрт қойған, деп хабарлады YK-news.kz.
None
None

Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Өмірхан Уәлиевтің ақпаратына сәйкес, таңертең ерте өрт сөндіру бөліміне бес қабатты үйдің бірінің балконында өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап үлгерді. Балконда тұрған заттарды 28 жастағы пәтер иесі өртеп жіберген болып шықты.

Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар сол мекенжайға тағы да баруларына тура келді. Осы жолы өрт үйдің ішінен шыққан. Өрт сөндіру командасы осы жолы да өртті уақтылы сөндіріп үлгерді. Көп қабатты үйдің барша тұрғындары, оның ішінде өрттің шығуына себеп болған пәтер иесі аман-есен. Алайда пәтер біршама зардап шекті. «Осы пәтерде тұратын ер адам Зырянов ауданында психоневрологиялық диспансерде есепте тұр, - деді Өмірхан Уәлиев. - Сол күні пәтер иесі оқшауландырылып, ауруханаға жатқызылды».

Соңғы жаңалықтар