Шілде биыл Батыс Еуропа тарихындағы ең ыстық ай болды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Еуропаның климаттың өзгеруін бақылау қызметі Copernicus (C3S) зерттеулерінде айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

жара погода
Фото: freepik.com

Еуропалық мамандар Еуропаның 2025 жылғы маусымның ортасы мен соңында екі мықты жылу толқынын бастан өткергенін хабарлады.

Бірінші толқын 17-22 маусым аралығында Батыс және Оңтүстік Еуропаның кең аумақтарын қамтып, өзінің шарықтау шегіне жетті.

Екінші толқын ай соңында болды және ол 30 маусым мен 2 шілде аралығында осы өңірге бұрынғыдан да аптап ыстық әкелді.

Екінші толқын кезінде бірнеше елде ауа температурасы 40°C-тан асты, ал Испания мен Португалияда 46°C-қа дейін көтерілді. Бұл екі оқиға да жиі «жылу күмбездері» деп аталатын жоғары қысыммен байланысты болды. Олар жылы ауаны ұстап қалып, ұзаққа созылған аптап ыстық, ашық күн мен құрғақ ауа райына себеп болды. Бұл жағдай сонымен қатар ауадағы озонның ластануының артуына және орман өрттері қаупінің күшеюіне ықпал етті.

30 маусым күні орташа тәулік температурасы Батыс Еуропа өңірінде 24,9 °C-қа жетіп, Еуропаның осы бөлігінде маусым айы бойынша рекорд орнатты.

Дәл осындай температура 1 шілдеде де тіркелді. Бұл — аймақта жаз мезгілінде бұрын-соңды байқалған ең жоғары күндізгі температуралардың бірі, мұндай көрсеткіштер тек аптап ыстықтың шарықтау кезеңінде — шілденің ортасынан тамыздың ортасына дейін — 2003, 2018, 2019, 2022 және 2023 жылдардағы ыстық толқындар кезінде ғана тіркелген.

Батыс Еуропаның көп бөлігінде — соның ішінде Испанияның, Португалияның, Франция мен Ұлыбританияның басым аумағында — бірінші және екінші ыстық толқыны аралығындағы кезеңде (17 маусымнан 2 шілдеге дейін) тіркелген орташа температура 1979 жылдан бері осы мезгіл үшін ең жоғары көрсеткіш болды.

Бұған қоса, 2025 жылдың маусымы Батыс Еуропа тарихындағы ең ыстық маусым болды. Бұл кезде орташа айлық температура 20,49°C-ты құрап, 1991–2020 жылдар аралығындағы орташа көрсеткіштен 2,81°C-қа жоғары болды.

Ол 2003 жылдың маусымында орнатылған рекордтан небәрі 0,06 °C-қа асты.

Айта кетерлігі, 2003 жылғы маусым да, 2025 жылғы шілде де ерекше жылы айлар болды, өйткені келесі ең ыстық маусым — 2017 жылы болды және ол 0,7–0,8°C-қа суық еді.

Бірінші кезекте отын жағу салдарынан болған жаһандық жылынудың салдары аптап ыстық болып қана қоймай, қызып кеткен атмосфера салдарынан мұхиттардың булануы күшейіп, өз кезегінде ол жауын-шашынның бұрынғыдан да күшті болуына ықпал етті.

Copernicus қызметінің мәліметінше, биылғы маусымдағы орташа температура индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,3°C-қа жоғары болды. Бұл салыстыру негіз ретінде 1850–1900 жылдар аралығын қамтиды.

Осыған дейін ДДСҰ климат пен денсаулыққа қатысты жаңа комиссия құрғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар