Шолпан Каринова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Photo: primeminister.kz

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.

1998-2003 жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2004-2005 жылдары – СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2012 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде; Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде; Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасында басшылық қызмет атқарды.

2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары – Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасы басшысының м. а.

2017-2018 жылдары – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар