Шри-Ланкада жанармай тиеген пойыз рельстен шығып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні таңертең Шри-Ланкада жанармай тасыған пойыз рельстен шығып кетіп, елдің негізгі теміржол магистралі бойындағы пойыз қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды Kazinform Синьхуаға сілтеме жасап.

Шри-Ланкада жанармай тиеген пойыз рельстен шығып кетті
Фото: pixabay.com

Оқиға Батыс провинциясында Миригама мен Уиылватте теміржол станциялары аралығындағы учаскеде болды. Басқарма мәліметтері бойынша, пойыз Колоннава жанармай қоймасынан Баттикалоаға жанармай тасымалдаған. 

Қазіргі уақытта теміржолшылар пойыздардың тұрақты қозғалысын қалпына келтіру үшін жолды тазалап жатыр. 

Бұл елде жиі теміржол апаты болады. Шри-Ланка теміржол басқармасының баяндамасына сәйкес, 2023 жылы пойыздар қатысқан 1 239 оқиға тіркелген, соның ішінде 125 пойыз рельстен шығып кеткен. 

Еске салсақ, осыған дейін Францияда теміржолдағы вандализм салдарынан пойыздар тоқтатылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар