Шри-Ланкадағы көшкін мен су тасқыны 47 адамның өмірін қиды

АСТАНА. KAZINFORM – Шри-Ланкадағы табиғи апаттар 47 адамның өмірін қиды, 21 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі. 

а
Фото: Анадолы

Жергілікті Daily Mirror газетінің жазуынша, Шри-Ланканың Апаттарды басқару орталығы өткен аптадан бері елде жалғасып жатқан нөсер жаңбыр салдарынан адам шығыны болғанын атап өтіп, мәлімдеме жасады.

- Табиғи апаттар 47 адамның өмірін қиды, 21 адам із-түзсіз жоғалып кетті, сондай-ақ көптеген үді, егістік алқаптарды және жолдарды су басты. Ел бойынша апат 5893 адамға әсер етті, - делінген мәлімдемеде.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, тастардың, балшықтың және ағаштардың рельстерге құлауына байланысты таулы аймақтарда кейбір пойыздар қозғалысы тоқтап, кейбір желілер су астында қалған.

Бұған дейін Балқандағы су тасқынынан Албанияда әйел қаза тапты, Грекияға көшкін қаупі төнгенін жазған болатынбыз. 

Вьетнамда су тасқынынан 72 адам қаза болды. 

Ал Таиландтың оңтүстігінде су тасқыны салдарынан жүздеген турист эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар