Шұбарқұдық гимназиясы Ақтөбе облысының үздік мектебі атанды

Сондай-ақ үздік мұғалімдер мен мектеп директорларына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов грамоталар мен сыйақылар табыс етті.
М.Құсайынов атындағы «Дарын» мектеп-интернатына 800 мың теңге, қазақ-түрік лицейіне 500 мың теңге, №51 гимназияға 300 мың теңге берілді.
ҰБТ-дағы жақсы нәтижелеріне байланысты облыстың бірқатар мектептерінің директорларына дипломдар мен 120 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталды. Ақтөбе политехникалық колледжі, Ақтөбе сервис колледжі, Қобда көпсалалы колледжі үздік кәсіби орта білім беру оқу орындары деп танылып, 300-800 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.
Сонымен бірге 200 мұғалім оқушыларының жақсы көрсеткіштері үшін 55 мың теңге көлеміндегі сыйақыға қол жеткізді.
- Біздің облыстың білім және ғылым орталығына айналуға әлеуеті жетерлік, - деп атап өтті облыс әкімі.
Алайда облыс соңғы жылдары ҰБТ көрсеткіші бойынша нәтижелерін жақсартса да, өңірде аз ұпай жинайтын мектептер де бар. Осыған байланысты аймақ басшысы білім басқармасына сараптама жасап, әлсіз мектептерді аяғына көтерудің жобасын құруды тапсырды. Кадр мәселесі мәселесі де өзекті. Аймақта математика, орыс тілі және әдебиеті, физика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы. Аудан әкімдеріне, мектеп директорларына облыс әкімі бұл түйткілдерді жас мамандарды тарту және қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру арқылы шешуді тапсырды. Инженерлік және жұмысшылардың тапшылығы мәселесін шешу үшін дуальды білім беру де қалыпты жағдайға айналуы тиіс, деп қосты әкім.