Щучинск қаласының бір микрорайоны жылусыз қалды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Аяз қарсаңында Щучинск қаласының Бурабай ауданына қарасты Институт микрорайонының тұрғындары қазандықтағы апатқа байланысты жылусыз қалды.
Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков әлеуметтік желілерде тұрғындардан кешірім сұрап, барлық күш пен ресурстар апатты жоюға бағытталғанын мәлімдеді.
– Құрметті Щучинск қаласының Бурабай ауданы тұрғындары. Бүгін Щучинск қаласындағы 20-қызметтік қазандықта апатты жағдай болды. Сол себепті біз уақытша Институт микрорайонының жылу беруін тоқтаттық, – деді әкім.
Аудан басшысының айтуынша, қазандықтағы жұмыстар толық қалпына келтіріліп, жылу беру қайта басталғанға дейін жалғасады. Сонымен қатар, әкім тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар тұрғындары пәтерлерінде тоңып отырғанын жазған едік.