16:54, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Алматыда жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда сағат 14:15 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 552 шақырым жерде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7 болса, магнитудасы MPV 4.6, ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.