ШҰҒЫЛ: Атырауда екі Калашников автоматы ұрланды

АТЫРАУ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда орта мектептердің бірінде екі Калашников автоматы ұрланды.
None
None

Тонаушылар мектепке кіріп, күзетшіні соққыға жығып, кейін оны байлап тастаған. Мектеп ішіндегі жабық есіктерден өту оларға аса қиындық тудырмаған. Қарақшылар есіктерді қарапайым балғамен ашып отырған. Олар әскери дайындық кабинетіне оңайлықпен кіріп, екі Калашников оқу автоматын қолды еткен.

Әскери іс мамандарының айтуынша, оқу автоматтарын қайтадан әскери етіп жабдықтауға болады.

Бұл істі облыстық ІІД-нің жедел-іздестіру тобы тергеуде. ІІД-нің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты толығырақ ақпарат бермеді.

Соңғы жаңалықтар