16:57, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қарағандыда жүк көлігі мен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан екі адам мерт болып, үшеуі зардап шекті
ҚАРАҒАНДЫ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандыда «МАЗ» жүк көлігі «Лада Приора» жеңіл автомобилімен соқтығысты, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам мерт болып, үшеуі зардап шекті. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков мәлім етті.

Апат бүгін сағат 13.05-те Қарағандыда, Пришахтинск көпірінде орын алды.
«Алдын ала деректер бойынша, «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан «Лада Приора» көлігін өткізбеген», - деді Ж. Сембеков.
Жүк көлігі көпірден шығып кетті. «МАЗдың» жүргізушісі, «КоммунТрансСервис» ЖШС-нің 65 жастағы қызметкері көліктен секіріп шығып үлгергенімен оқиға орнында көз жұмды. «Лада Приора» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі, Теміртау қаласының тұрғыны да сол жерде жантәсілім етті.
Оған қоса жеңіл көліктің үш жолаушысы түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.