ШҰҒЫЛ: Қаржы полициясы қызметкерін өлтірген адамның фотороботы таратылды

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті қаржы полициясы басшысының орынбасарын атып өлтірген адамның фотороботын таратты.
None
None

«Юбилейное көшесінде жасалған қастандыққа күдікті ретінде еуропалық келбеттегі азамат іздестірілуде. Оның жасы 25-30 аралығында болуы мүмкін. Бойы шамамен 175 сантиметр. Дене бітімі арықтау келген. Қылмыс жасаған күні көк-қара түсті спорттық бас киім, мамықтан жасалған (пуховик) сырт киім киген», - делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада.

Полиция кез келген ақпарат бойынша мына телефондарға қоңырау шалуды өтінеді: 8 (7152) 39-40-07, 39-40-37, 39-48-07, 61-20-02 немесе 102.

Естеріңізге сала кетейік, қаржы полициясы басшысының орынбасары Жандос Ахметовті өз үйінің подъезінде атып кеткен еді. Тергеу барысын ішкі істер вице-министрі Марат Демеуов жеке бақылауына алды. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестірілуде, деп хабарлайды "Қазақстан" ұлттық арнасы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар