Швеция Шенген аймағындағы шекаралық бақылауды қайта енгізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Швеция алдағы алты айда Шенген аймағына кіретін ішкі шекараларында бақылауды қайта енгізеді. Бұған елдің қоғамдық тәртібі мен ішкі қауіпсіздігіне төнген қатер себеп болған. Бұл туралы Kazinform BBC-ге сілтеме жасап хабарлады.

Швеция
Фото: veneya.com.ua

Бұл шешім туралы Швеция үкіметі мәлімдеді.

– Бұған, ең әуелі, Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы салдарынан Еуропадағы қауіпсіздік жағдайының күрделенуі себеп болды. Соның салдарынан Шенген аймағында гибридті қауіптер көбейіп, сыртқы күштердің арандату әрекеттері байқалды, – делінген Швеция үкіметінің мәлімдемесінде.

Шекаралық бақылау 12 қарашадан бастап 11 мамырға дейін қолданылады.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасының Баткен облысынан өтетін бөлігінде ауқымды инженерлік жұмыстарды аяқтағанын хабарлағанбыз.