Швейцария курортындағы өрттен зардап шеккендерге біржолғы өтемақы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцария үкіметі сәрсенбі күні Кранс-Монтана тау шаңғы курортындағы барда болған өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына біржолғы 50 мың швейцар франкі (шамамен 56 мың доллар) көлемінде өтемақы төленетінін хабарлады, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Кранс-Монтанадағы өрттен кейін зардап шеккендерге біржолғы өтемақы тағайындалды
Фото: Азертадж

Ауқымды өрт салдарынан 41 адам қаза тауып, 115 адам жарақат алды.

АЗЕРТАДЖ мәліметінше, бұл қаржылық көмек зардап шеккендерге жедел қолдау көрсету ретінде қарастырылған. Федералдық кеңес өкілдері бұл шешімді адамгершілік қолдау деп атаған.

— Федералдық кеңес құрбандар мен олардың отбасыларымен бірге шындық пен әділеттілікке деген ұмтылысын құптайды. Біз не болғанын, не себептен және сол оқиғаны қалай алдын алуға болатынын білгіміз келеді, — деді Швейцария Президенті Ги Пармелен баспасөз конференциясында.

Куәгерлер мен прокурорлардың айтуынша, өрт, шамдардың ұшқындары бар орналасқан жертөледегі пенопластқа түсіп, оны тұтатқаннан басталған болуы мүмкін.

Швейцариялық билік қаза болғандардың басым бөлігі жасөспірімдер екенін және көптеген құрбанның шетелдіктер болғанын хабарлады.

Еске салайық, жаңа жыл түні Швейцарияның Кран-Монтана қаласында орналасқан Le Constellation барында өрт шыққан болатын. Аталған дерек бойынша мекеме иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ал Тау шаңғысы курортындағы өртенген бардың иесі қамауға алынды.

Кейіннен Кранс-Монтана тау шаңғысы курортындағы барда 40 адамның өмірін қиған жойқын өрттен кейін көптеген швейцариялық елдің саяси жүйесінің жарамдылығы мен тиімділігіне күмән келтіре бастады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум