Швейцариядағы референдум: әйелдер әскерге бармайтын болды

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцарияда ерлерге арналған міндетті әскери немесе баламалы азаматтық қызметті алмастыратын жалпыға бірдей азаматтық қызмет және байлар үшін мұрагерлікке салық енгізу туралы референдумдар сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі. 

Швейцариядағы референдум: әйелдер әскерге бармайтын болды
Фото: ipn.md

Билік жексенбі күні дауыстарды санау аяқталғанға дейін бастамалар кантондардың көбінде қолдау таппағанын хабарлады. 

Швейцария кантондарының көбінде ұсыныстарды қолдау бастамаларды қабылдау шарттарының бірі болды. 

SRF қоғамдық-құқықтық телеарнасы жариялаған алдын ала қорытындыларға сәйкес, швейцариялық сайлаушылардың 84%-ы міндетті мемлекеттік қызметке қарсы болды. Референдумға қатысушылардың 79%-ы дәулетті адамдар үшін мұрагерлік салық енгізу ұсынысын қабылдаған жоқ. 

Швейцарияда жалпыға ортақ азаматтық қызмет туралы бастама

Швейцариядағы жалпыға ортақ азаматтық қызмет бастамасы әскери қызметті әскери күштерде, апаттан қорғау қызметтерінде, денсаулық сақтау немесе әлеуметтік салаларда болсын барлық азаматтар үшін міндетті етуді шамалаған. Қазіргі кезде Швейцарияда міндетті қызмет тек ер адамдарға ғана қатысты, бұл ретте олар әскери және балама азаматтық қызмет арасында таңдау жасай алады. Әйелдер әскери қызметті ниеті бойынша таңдай алады.

Швейцария үкіметі және парламенттегі партиялардың көпшілігіжалпыға ортақ азаматтық қызметті енгізу идеясын қабылдамай, бұл еңбек нарығын тым көп жұмысшыдан айырады деп мәлімдеді. Сонымен қатар, сыншылар мұндай бастаманы қаржыландыру тым қымбатқа түсетінін атап өтті. Швейцарияда жалпыға ортақ азаматтық қызметті енгізуді тек Жасыл либералдық партия (GLP) және Евангелиялық халықтық партия (EVP) қолдады.

Швейцарияда байларға мұрагерлік салығын енгізу бастамасы 

Швейцарияда байларға мұрагерлік салығын енгізу бастамасын Социал-демократиялық партияның (Jungsozialisten, JUSO) жастар ұйымы көтерді. Онда 50 млн швейцария франкі (шамамен 54 млн еуро) немесе одан да көп байлықты мұра ететіндер «климаттық дағдарысқа қарсы әлеуметтік әділ күрес және тұтастай алғанда экономикадағы қажетті өзгерістер» үшін сол соманың 50%-ынан бас тартуы керек деп ұсынылды.

Мұндай салықтың енгізілуіне бірқатар саяси партиялар мен экономикалық бірлестіктерді қоса алғанда көбі қарсы болды. Олар, қосымша салық ауыртпалығы бай Швейцария азаматтарын шетелге көшуге мәжбүрлейтінін, бұл салық түсімдерінің жалпы төмендеуіне әкелетінін ескертті.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайтыс болған адамның жұбайлары мен тікелей ұрпақтары Швейцария кантондарының көпшілігінде мұрагерлік салықтан босатылады. Басқа мұрагерлер үшін кантонға байланысты әртүрлі ережелер бар. 

Осыған дейін Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллар болғанын хабарлаған болатынбыз. 

Kazinform тілшісі Қазақстан мен Швейцария арасындағы қарым-қатынастың негізгі бағыттары мен болашағын саралап көрді. 

Соңғы жаңалықтар