Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың 12-сінен бастап әкімдер есеп бере бастайды

СЕМЕЙ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды.
Соңғы жаңалықтар