20:31, 28 Қараша 2014 | GMT +6
Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды еуропалық-жерортатеңізі сейсмологиялық орталығынан.
Жерасты дүмпулері 28 қараша күні сағат 18:47-де байқалған. Оның ошағы Талдықорған қаласынан - 268 шақырым, Алматыдан - 494 шақырым қашықтықта орналасқан.