Шымбұлақта адамдар қар барысын видеоға түсіріп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар барысы тау етегіне түсті. Демалушылар оны видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбадан қар барысының алаңсыз жоғары шығып бара жатқанын көруге болады. Көлік ішінде отырған куәгерлердің таңғалсында шек жоқ.
«Шымбұлақ, қар барысы. Мәссаған, не деген әдемі»,- деп тағалды куәгерлердің бірі.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдерінің айтуынша, туристердін түсірген бейнежазбасы сирек кездесетін оқиға.
«Шымбұлақ шатқалында туристер түсірген қар барысының видеосы көпшіліктің назарын аударып, қызығушылығын тудырды. Барыс нақ осы түсірілім болған жерде тұрақты мекендемейді. Оның бұл аймаққа келуі қорегі саналатын тұяқты жануарлардың (елік, сібір тауешкісі, т.б.) миграциясына тікелей байланысты болуы мүмкін»,- деп хабарлады Іле Алатау МҰТП Ғылыми зерттеу жұмыстары және таулы агробиоәртүрлілік бөлімінен.


Соңғы жаңалықтар