Шымкентте қаңтар қырғыны жайлы жаңа видеода банкоматтың қалай ұрланғаны түсіп қалған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полиция департаменті қаңтар оқиғасына қатысты видео жариялады. Кадрлардан бұзақылардың әкімдікке басып кіргенін, полиция қызметкерлеріне тас лақтырып, күш қолданып жатқанын анық көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Видеодан бейбіт митингінің соңы жаппай бұзақылыққа ұласқаны анық байқалады.

Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты бүлінген. Есіктерін сындырып, компьютерлерді ұрлап кеткен.

Ал, құжаттарды терезеден төменге лақтырған. Әкімдік қасындағы «Көрме» орталығы өртке оранды.

Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Nur Otan» партиясы филиалының ғимараты да бүлінді.

Бүлікшілер Нұрсат шағынауданында орналасқан «Метро» сауда үйінің есік-терезесін таспен сындырып, ішіндегі банкоматты алып шығып, жүк көлікке салып ұрлап кеткен.

Сонымен қатар, тәртіп бұзушылар қала аумағында көшелер қиылысы мен көше желілерінде қауіпсіздікті қадағалау мақсатында орнатылған бірнеше «Сергек» және басқа да бейнебақылау камераларын сындырып жатқаны бейнекамераға анық түсіп қалған.

Биік бағаналарда орнатылған бейнекамераларды олар арнайы жүк көлігінің үстіне мініп, қолдарындағы арнайы жарақтарымен ұрып қиратқан.

Әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш қолданып, тас атқылап жатқан сюжеттерде бар. Ұруға арналған құралдарды көліктен бөліп алып жатқаны да анық көрінеді.

Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар қала әкімдігінің алдындағы алаңда орнатылған шыршаны тұтатып, от қойған.

Алайда, шыршаның белгілі бір бөлігі ғана жанған.


Соңғы жаңалықтар