Шымкентте Қаратау аудандық полиция бөлімі ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық ішкі істер басқармасында Қаратау ауданының өз полиция бөлімі ашылды. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, департаменттің басқарма және бөлім басшылары қатысты.
None
None

Құттықтау сөзінде қала басшысы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамындағы полиция қызметкерлерінің жауапкершілігі мол қызметіне сәттілік тіледі.

Полиция бөлімінің ғимаратын жалға алу үшін облыс бюджетінен 28 миллион теңге қаржы бөлінген. Ғимарат іші жиһазбен, заманауи техникамен, ҚР ІІМ-нің барлық мәліметтер қорына қосылған байланыс құралдары және компьютерлермен толықтай жабдықталған. Жаңа полиция бөлімі бағынысына Шымкент қалалық Еңбекші полиция бөлімінен - 14, Әл Фараби полиция бөлімінен - 4 және Абай полиция бөлімінен 5 учаскелік пункт беріліп отыр. Және облыстық ішкі істер департаментінің ішкі резервінен - 21 автокөлік, ҚР ІІМ резервінен 10 автокөлік бөлінді. Бөлім басшысы қызметін полиция полковнигі Асылхан Сәулеханұлы Қалаубаев атқаратын болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар