Шымкентте қызды кірпішпен соққыға жыққан жігіт кейін оның денесін өртеп жіберген

ШЫМКЕНТ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте жанжалдасу кезінде жігіт қызды кірпішпен өлтіріп, кейін оның денесін жағып жіберген.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, көп қабатты үйдің жанынан денесі жартылай жанып кеткен қыздың денесі табылған. Қаза болған адамның кім екенін бірден анықтау қиынға соққан.

Болжам бойынша, ол - 20-25 жас шамасындағы азиялық ұлт өкілі. Криминалистер қыздың көптеген бас жарақатынан көз жұмғанын анықтады. Оқиға орнынан қыздың киімі мен бос бөтелкелер тәркіленді.

Қылмысқа күдікті адам тез табылды. Полицейлер 1986 жылы туған жігітті ұстады. Ол өзінің қылмысын мойындады. Тергеу барысында ол өзінің түнде ішімдік ішіп, кейін бір қызбен танысқанын айтқан. Алайда көп ұзамай екеуінің арасында жанжал шығып, ол қызды соққыға жыққан. Зардап шеккен қыз есінен танып қалған кезде жігіт қылмыстың ізін жасырмақ болып, оны гараждың маңына апарған. Осының өзі аздай, үйіне барып, еріткіші бар бөтелке алып келіп, оны қыздың үстіне құйып, кейін өртеп жіберген.

Қазір ауыр қылмыс жасаған күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар