15:12, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Шымкентте өз үйінде кәсіпкер мен ұлы өлтірілген, қызы мен әйелі - ауруханада
Шымкент. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкентте бизнесмен отбасына қатыгездікпен шабуыл жасалды.

ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 наурыз күні 4 сағат 40 минутта бетперде киген беймәлім адамдар кәсіпкердің үйіне басып кірген, үй иелерін ұрып, олардан ақша талап еткен. Ауыр дене жарақаттарынан 50 жасар үй иесі мен оның 18 жастағы ұлы қаза болды. Жұбайы және қызы ауруханаға жеткізілді.
Қылмыскерлер үйден ақша мен алтын әшекейлерді алып кеткен. Өлтірілген кәсіпкер - Шымкенттегі ірі дүкеннің иесі.
Қазіргі уақытта арнайы топ күдікті тұлғаларды іздестіруде. Бұл факті бойынша ҚР ҚК: 179 «қарақшылық», 96 «кісі өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.