20:35, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Шымкентте өзінің «қызметін» 20 мың теңгеге бағалаған полиция майоры ұсталды
ШЫМКЕНТ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында ішкі істер министрлігі жол полиция басқармасы іздестіру бөлімінің инспекторы, полиция майоры пара алу үстінде қолға түсті.

Ол алаяқтық әрекеттеріне айыпталуда. Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, тәртіп сақшысы қызметтік бабын пайдалана отырып, ОҚО тұрғынын алдап-арбаған. Майор оған жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатуға уәде еткен.
Бірақ істің материалдары іздестіру бөлімінің басқа инспекторында болған. Полицей өзінің қызметін 20 мың теңгеге бағалаған.
Майорға қатысты ҚР ҚК-нің 177 бабы, 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды.