Шымкентте валюта айырбастау пунктінің кассасын тонап кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте валюта айырбастау пунктінің кассасын қарусыз адамдар тонап кеткен.
None
None

Оқиға шамамен таңғы сағат 8-де орын алған, деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Полиция ақпаратынша, екі ер адам валюта айырбастау орнына кіріп, иесін байлап, барлық валютаны жымқырған. Айта кету керек, қарақшылар қарусыз болған, сондықтан ҚР ҚК 191 бабы «Тонау» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

«Валюта айырбастау пунктінде дабылқаққыш, бейнебақылау камералары, сейф және шақыру құрылғысы болмаған», - деді Салтанат Қаракөзова.

Бейресми мәліметтерге қарағанда, валюта айырбастау пунктінен қаскөйлер 20 мың АҚШ долларын ұрлаған.

Тонау фактісі бойынша Әл-Фараби аудандық полициясы тергеу жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар