Сигэру Исиба Жапонияның жаңа премьер-министрі болды

АСТАНА.KAZINFORM – Жапонияның басқарушы либералды-демократиялық партиясының (ЛДП) төрағасы Сигэру Исиба елдің 102-ші премьер-министрі болып сайланды. Негізгі төменгі палатада дауыс беру қорытындысы бойынша Исиба 465-тен 291 дауыс алды, деп жазады ТАСС.

Сигэру Исиба Жапонияның жаңа премьер-министрі болды
Фото: KIM KYUNG-HOON/EPA/TASS

Конституциялық демократиялық партияның жетекшісі Ёсихико Нода 100 дауыс жинады.

Қазіргі уақытта Исибаның кандидатурасы үшін дауыс беру парламенттің жоғарғы палатасында да өтіп жатыр. Онда ЛДП басқарушы коалициясы және «Комэйто» партиясы басымдыққа ие, бірақ төменгі палатаның шешімі шешуші рөл атқарады.

4 қазанда Исиба мен негізгі министрлер парламентте баяндама жасайды. Ал 9 қазанда оның төменгі палатасы 27 қазанда мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін таратылады. Исиба бұл жоспарды 30 қыркүйекте ЛДП жаңа басшылығын таныстыра отырып жариялады. Ол премьер-министр болып сайланбай тұрып-ақ айтқан бұл мәлімдеме оппозицияның Исибаны конституцияны бұзды деп айыптауына себеп болды.

Бұған дейін 27 қыркүйекте Жапонияның Либералды-демократиялық партиясының (ЛДП) төрағасы сайлауында 67 жастағы Исиба Сигэру жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар