Silk Way Cinema телеарнасы екі арналы хабар таратуды бастады
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылдың 25 қазанынан бастап халықаралық Silk Way Cinema телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде хабар тарауды бастайды.

Екі аудио жолақта хабар тарату тілді таңдау мүмкіндігін бере отырып, көрермендер аудиториясын кеңейтеді. Айта кету керек, Silk Way Cinema – қазақ киносын шетелдік көрермендерге тарататын жалғыз алаң.
Президент Телерадиокешенінің құрамына кіретін телеарна 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап эфирге шыға бастады. Бүгінгі таңда Silk Way Cinema көпмәдениетті аудитория үшін мазмұнын әртараптандыруға ұмтылады!
Айта кетсек, Silk Way — Қазақстаннан тыс жерде хабар тарататын тұңғыш халықаралық спутниктік телеарна. «ҚР Президенті телерадиокешені» құрамына кіреді. Телеарнаны 118-ден астам елде көруге болады. Хабар 6 тілде таратылады: қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз, өзбек, түрік.
СGTN — Қытай Халық Республикасының жаһандық телевизиялық желісі. Ол әлемнің 160-тан астам елі мен аймағында хабар таратады.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Silk Way телеарнасы Қазақстан жаңалықтарын ағылшын тілінде тарата бастады.
2024 жылдың 1 мамырында «Silk Way» телеарнасы түрік тілінде хабар тарата бастады.