Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Азиядағы алғашқы ірі вокалдық мегажоба – Silk Way Star жобасының жартылай финалы аяқталды. 12 елдің орындаушыларын біріктірген және әлем бойынша миллиондаған көрермен жинаған бұл музыкалық шоудың 9-шы эпизоды маусымдағы ең шиеленіске толы әрі әсерлі шығарылымдардың бірі болды.

Silk Way Star
Фото: Jibek Joly

Финалда – Азияның ең мықты жеті даусы 

Жартылай финал қорытындысы бойынша финалдық жетілікке ALEM (Қазақстан), Язмин Азиз (Малайзия), Автандил Абесламидзе (Грузия), Мишель Джозеф (Моңғолия), Чжан Хэ Сюань (Қытай), Саро Геворгян (Армения) және Мадинабону Әділова (Өзбекстан) өтті. 

Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly

Халықаралық қазылар алқасының айтуынша, соңғы эпизод алдындағы шығарылым ең күрделі кезең болды: қатысушылар алғаш рет қазақстандық 6eluchchi, A.Z., Маржан Арапбаева және Mona Songz секілді әртістермен бірге дуэт орындады. Бұл олардың вокалын жаңа стильде танытуға мүмкіндік берді.

Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly

Жартылай финалистер өздерінің авторлық әндерін, ұлттық туындыларын және өз елдерінің хиттерін орындап, халықаралық деңгейге лайық шеберліктерін көрсетті.

Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly
Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly
Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly
Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly
Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly

Бұрын-соңды болмаған география

Silk Way Star – ауқымы жағынан мұндай ауқымды деңгейдегі әртістерді біріктірген Орталық Азиядағы алғашқы вокалдық жоба. Байқауға Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдердің орындаушылары қатысуда. Олардың барлығы – халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, танымал әртістер және өз музыкалық мектептерінің жарқын өкілдері.

Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly

Алғашқы эпизодтардан бастап-ақ жоба аймақ елдері арасындағы шығармашылық алмасуға арналған бірегей кеңістік қалыптастыратын ірі кросс-мәдени медиаөнімге айналды.
Бұған қоса, Silk Way Star соңғы жылдардағы ең ауқымды музыкалық жобалардың біріне айналды.

Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly

Қатысушы елдердегі және халықаралық телеарналардағы трансляциялардың жиынтық аудиториясы 1 млрд көрерменнен асады. Мұндай қамту жобаны Орталық Азияның жаңа мәдени брендіне айналдырып, тұтас аймақтың музыкасына қызығушылықты арттыра түседі.

Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды
Фото: Jibek joly

Бакуден Ұланбатырға дейінгі көрермендер

Silk Way Star жобасы алты мемлекеттің телеарналарынан көрсетілді.

Олар:

  • Space TV (Әзербайжан)
  • «Сафина» (Тәжікстан)
  • «Музыка» және «Маданият» (Қырғызстан)
  • UBS және «АИСТ Глобал» (Моңғолия)
  • Zor TV (Өзбекстан)
  • Georgian Times (Грузия)

Қазақстандағы эпизодтар әр сенбі сайын 20:00-де Jibek Joly арнасында және 22:30-да халықаралық Silk Way арнасында көрсетіледі.

Жоба қазірдің өзінде аймақтың дәстүрлері, тілдері мен шығармашылық мектептерін біріктіретін жаңа мәдени дипломатия құралы атанды. 

Финалдық эпизод 22 қарашада сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляциялар бір уақытта Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда өтеді.

Алғашқы азиялық мегажобаның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады:
50% – қазылар шешімі, 50% – онлайн дауыс беру.

Әрбір көрермен silkwaystar.org сайтында өзінің сүйікті қатысушысын қолдай алады.

Айта кетейік, Silk Way Star жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиа корпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар